Қазақстан құрамасы шорт-тректен әлем кубогы кезеңінде қола жүлде ұтты
Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы Италияның Милан қаласында өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде жүлделі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

5000 метр қашықтықта бәсекеге түскен қазақстандық спортшылар жарысты сәтсіз бастады. Финалдық сайыстың алғашқы айналымында Әділ Ғалиахметов құлап қалды. Алайда команданың өзге спортшылары соңына дейін күресті. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы қола жүлдені жеңіп алды. Отандастарымыз 5000 метрді 6:46.068 уақытта жүріп өтті.
Бұл жарыста Қазақстан намысын Мерсайд Жақсыбаев, Денис Никиша, Глеб Ивченко және Әділ Ғалиахметов қорғады.
Әлем кубогы кезеңінде Италия жеңімпаз атанды. Ал күміс жүлде Канада спортшыларына бұйырды.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі

