Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы FIFA Series турниріндегі дебюттік матчта Намибияны жеңді

Фото: ҚФФ

Қазақстан құрамасы жаңа FIFA Series турниріндегі алғашқы ойынын сәтті өткізіп, Намибияны сенімді түрде жеңді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

25 наурыз күні елордадағы "Астана Арена" стадионында өткен тарихи матчта Қазақстан құрамасы Намибиямен кездесті.

Командалардың бастапқы құрамдары:

Қазақстан: Анарбеков, Мрынский, Касым, Әліп, Вороговский, Қуат, Оразов, Чесноков, Самородов, Кенжебек, Свиридов.

Намибия: Ндисиро, Ханамуб, Катуа, Хамбира, Амутенья, Карууомбе, Кинда, Петрус, Музеу, Муйека, Иямбо болды.

Ойын тартысты басталды. Қонақтар есеп ашуға жақын болды. Бірақ Бетуэль Музеудің соққысынан кейін доп бағанаға тиді. Кейін айып алаңына жасалған пас кезінде қорғаушылар шатасып, Ян Вороговский төмен бағытта дәл соққы жасап, есеп ашты.



Командалар алма-кезек шабуылдап, қауіпті сәттер болды. Екінші таймның басында алаңға шыққан Айбол Әбікен алыстан соққы жасап, допты көлденең бағанаға тигізді.

Намибия құрамасы есепті теңестіруге тырысқанымен, бұрыштама добынан кейін Әлібек Қасым баспен гол соғып, есепті 2:0-ге жеткізді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы жаңа турнирдегі алғашқы ойынында сенімді жеңіске жетті. Енді команда келесі кездесуін 31 наурызда Комор аралдарына қарсы өткізеді.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 25 Наурыз, 2026 20:02