Қазақстан құрамасы Дэвис кубогына іріктеуде Даниядан жеңілді
Теннистен Қазақстан ерлер құрамасы Дэвис кубогының іріктеу ойындарында Даниядан жеңілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

14 қыркүйекте Александр Бублик пен Александр Шевченко даниялықтардан 2:0 есебімен жеңілді.
Қазақстан құрамасы жалпы есепте жеңіске жетуі мүмкін еді. Алайда үшінші ойында теннисшілеріміз тағы ұтылды.
Жұптық кездесуде Александр Бублик пен Александр Недовесов Август Холмгрен және Иоганнес Ингилдсен жұбынан 6:7, 3:6 жеңіліп қалды.
Жеке кездесуде тағы 3:0 есебімен жеңіліс тапты.
Қазақстан құрамасына жалғыз жеңісті теннисші Бейбіт Жұқаев әкелді. Ол даниялық Филипп Ниертті 3:6, 6:4, 10:8 есебімен жеңді.
Даниямен өткен кездесулер сериясында жалпы есеп 1:3 болды.
Теннистен Қазақстан ұлттық құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионатында Дэвис кубогына жолдама ала алмады.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

