Қазақстан құрамасы Бангкоктағы Азия чемпионатында алғашқы жеңілісін тіркеді
Фото: KBF media
Таиландтың астанасы Бангкокта өтіп жатқан 2025 жылғы жастар арасындағы бокстан Азия чемпионатында қазақстандық боксшы Әділ Асқанбай жарысты сәтсіз бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде U19 санатында бақ сынаған Асқанбай алғашқы кездесуінде оңтүстіккореялық Чой Джунвонмен қолғап түйістірді. Үш раундқа созылған жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жеңіс қарсыласқа берілді.
Осылайша, бұл турнирде Қазақстан командасы алғаш рет жеңіліп отыр.
Айта кетейік, Бангкоктағы бұл жарыс – жастар мен 22 жасқа дейінгі спортшыларға арналған Азия чемпионаты тарихта алғаш рет ұйымдастырылуда. Байрақты бәсеке World Boxing ұйымының бастамасымен өткізіліп жатыр.
Талқылау

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
1 тамыздан бастап үлескерлерге салынып жатқан ғимараттардағы тұрғын үй үшін қолма-қол ақша төлеуге тыйым салынады

“Келіндік міндетім жоқ, үй шаруасын 5 қызметші атқарады”: Үнді жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы ерекше өткен тойы мен салты туралы айтып берді
Айгерім: “Келіндік міндетім жоқ, үй шаруасын 5 қызметші атқарады”