Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында Өзбекстанды артқа тастап, көш бастады
Бокстан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға тұрақтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Біріккен Араб Әмірліктерінде аяқталған жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте Өзбекстан құрамасын артқа тастап, көш бастады. Қазақстандық боксшылар турнирде 15 алтын, 11 күміс және 15 қола медаль иеленіп, жалпы есепте бірінші орын алса, екінші орынға 14 алтын, 11 күміс және 8 қола иеленген Өзбекстан құрамасы орналасқан. Ал үздік үштікті 12 алтын, 13 күміс және 18 қола иеленген Үндістан құрамасы түйіндеді.
Айта кетейік, бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Айн қаласында өтті.
Талқылау

"Баласы бар әйелге міндет арту – сауатсыздық": Қазақстандықтар сәбиі бар үйге қонаққа баратындарды сынады
Қазақта балалы үйге қай уақытта қонақ бармағанын этнограф Бұлбұл Кәпқызынан сұрап білдік

“Тұрсынбекті жек көріп кетпеңіздер”: Мөлдір Мұқан әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен қарым-қатынасы туралы айтты
Мөлдір Мұқан: "Күйеуімнен қолдау таппадым"