Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы Аңыздар кубогында үшінші орынды иеленді

11 қыркүйек Мәскеуде өткен Аңыздар кубогында Қазақстан футбол құрамасы үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

футбол

Сурет: NewTimes.kz

Қазақстандықтар үшінші орынға талас матчында Халықаралық аңыздар құрамасына қарсы ойнап, 10:7 есебімен жеңіске жетті.

Оған дейін қазақстандық футболистер ресейліктерден 4:8 есебімен жеңілді, бірақ жұлдыздар құрамасымен 4:4 есебімен тең түсті. Ал Халықаралық аңыздар құрамасы Бразилия командасын 12:6 есебімен жеңіп, Түркиямен ойында 4:4 есебімен тең ойнады.


"Астана" "Каспийді" басып озды: Есеп 3:0

Айта кетейік, финалда ресейліктер мен түркиялық ойыншылар сайысты.

Талқылау