Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасының бапкері: Ойын нәтижесі мені соншалықты қызықтырған жоқ

Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Станимир Стоилов Венгриядағы жеңіс туралы пікір білдірді.

Бұл туралы SPORTINFORM агенттігіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Бүгін екі тарап үшін де жақсы тексеріс болды. Мен өз командамының ұйымдасуы мен тәртібіне ризамын. Ол қорғанғанда да, шабуылдағанда да сенімді ойнады. Ойын нәтижесі мені соншалық қызықтырған жоқ. Маңыздысы, ойын кезінде әр футболшының және тұтас команданың өзін қалай көрсететіні. Жеңгеніміз жақсы болды. Бұл менің футболшыларыма сенімділік береді. Венгрия құрамасы маған ұнады. Бұл өте жақсы команда. Бүгінгі қарсыластарымызға сәттілік тілеймін», – дейді Станимир Стоилов.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан құрамасы мен Венрия командасының ойынында отандастарымыз 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Оқи отырыңыз:

Қазақстан футбол құрамасы Венгрия командасын жеңіп кетті (фото)

Голливуд жұлдызы Геннадий Головкиннің ұлы боксшы екенін мойындады

Бердібек Сапарбаев Азия чемпионы Нұрислам Санаевқа пәтер сыйлады

Головкин қарсыласы «Канеломен» қарымта кездесуге қалай дайындалып жатқанын көрсетті (видео)

Талқылау