Қазақстан құрамасы екінші алтынға ие болды (видео)
Бүгін Рио Олимпидасында екі жүз метрге жүзуден қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин ақтық сайыста алтын жүлдеге ие болды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Сурет:vesti.kz
Брасс әдісімен 200 метр қашықтықта суға жүзу жарасында қазақстандық спортшы белгіленген қашықтықты 2:07:46 уақытта жүріп өтіп, бірінші орынға ие болды.
Екінші орынды америкалық Джош Прено (2:07.53) алды. Ал үшінші орын ресейлік Антон Чупковтың (2:08.08) еншісінде.
Жүзуден соңғы ақтық сайыс Астана уақытымен 7:00-те басталды.
Осыған дейін Ауыр атлетикадан 77 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ниджат Рахимов қос сайыстық қорытындысы бойынша 379 келіні бағындырып, алтыннан алға тағынды. Бұл – Қазақстан қоржынына түскен алғашқы алтын болды. Ал зілтемірші Жазира Жаппарқұл байрақты бәскеде күміс медальды жеңіп алды.
Талқылау