Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан коронавирустың екінші толқыны үшін 8,2 миллиард теңгеге 44 түрлі дәрі сатып алған

Қазақстан коронавирустың екінші толқынына дайындық үшін 44 түрлі дәрі сатып алған. Бұл препараттар үшін бюджеттен 8,2 миллиард теңгеге бөлінді. Бұл туралы денсауық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министр 60 мың науқасты бір ай емдеуге жетерлік қор қалыптастырылғанын айтты. 

"Күз-қыс маусымдарында коронавирустың жаңа толқыны болуы мүмкін деген күдікпен бірқатар жұмыс жүргізілді. Біріншіден, бірыңғай дистрибьютордың  қоймаларында 2 айлық дәрі-дәрмектің азаймайтын қорын қалыптастыру. 8,2 миллиард теңгеге тапшы және қажет 44 дәрінің түрі сатып алынып жатыр. Ол бір айға шамамен стационарлардағы 60 мың науқасты емдеуге есептелген. Дәрі-дәрмектің азаймайтын қоры өтінімнен тыс денсаулық сақтау министрлігінің болжамы бойынша сақтық шарасы үшін сатып алынып жатыр", - деді министр.

Сонымен қатар, алдын ала резерв құрылып, дәрі-дәрмек, төсек орын дайындалу үстінде.

"2020 жылдың 15 қазанындағы мәлімет бойынша 5,92 миллиард теңгеге 37 дәрінің түрі сатып алынды. Бұл шара дәрі-дәрмектің резервін құруға мүмкіндік береді", - деді Цой.

Талқылау