Қазақстан коронавирусты үйден емдеу үшін 8,6 млрд теңгеге 5 түрлі дәрі-дәрмек сатып алынатын болды

«СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев Қазақстан үйде коронавирусты емдеу үшін 8,6 млрд теңгеге бес міндетті дәрі сатып алатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі. 

"Көптеген жағдайларда ауру жеңіл немесе орташа дәрежеде болады, бірақ дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қажет етеді. Денсаулық сақтау министрлігі ауруға амбулаториялық деңгейде емделетін пациенттерге коронавирусты диагностикалау және емдеу хаттамасына бес препараттың қосылуын мақұлдады", - деді Есқалиев ОКҚ-дегі онлайн-брифингте

Сонымен қатар, Есқалиев КВИ емдеуге арналған дәрі-дәрмектердің дефицитін жою бойынша қабылдаған шаралар туралы айтып берді. 

Ең алдымен, қысқа мерзімде дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесін жедел шешуге көмектесетін шұғыл шаралар кешені жасалды:

КВИ емдеу үшін дәрілік заттардың айлық қорын 2,6 млрд. теңгеге жөнелту.

40 мың пациент үшін 8,7 млрд. теңге сомасына қосымша мөлшерде сатып алу.

24 млрд. теңге сомасына 100 мың пациентті емдеуге арналған дәрілік заттар бойынша 2 айлық резерв қалыптастыру.

Сұранысқа ие препараттарды бөлшек саудада өткізу.

"Компанияның логистикалық процестерін жаңғырту жүргізілді. Жағдайды өзгерту үшін логистикалық формат статикалық форматтан динамикалық форматқа өзгертілді", - дейді Есқалиев. 

КВИ бойынша жедел жағдай кезеңінде барлық дәрілік заттар медициналық ұйымдарға жіберіледі.  

Кезекші топтарды қалыптастыру жолымен қойманың 24/7 режиміндегі жұмысы;

Жоспарлы рейстер саны 1,7 есеге артты;

Жөнелту мерзімін 2 аптадан 1 аптаға дейін қысқарту;

Тауарды Хабтан аймақтарға Cross-docking қағидаты бойынша бөлу;

Дәрілік заттарды есептеуді жеделдету үшін қойма қызметкерлерінің саны артты;

Дәрі-дәрмектерді жеткізуді жеделдету үшін авиакомпаниялармен келісім;

Қажет болған жағдайда авторефрижераторларда Казлогистик одағымен уағдаласу жүргізіледі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр