Қазақстанда коронавирус бойынша жағымды статистикаға ие аймақтар анықталды

Қазақстанның кейбір аймақтарында бірнеше күн ішіннен бері коронавирус бойынша оң статистика байқалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мысалы, Шымкент бірнеше күннен бері коронавирус бойынша ең жақсы көрсеткіштері бар қала болды. Өткен тәулікте қалада бірде-бір науқас тіркелген жоқ.

3 қыркүйекте, қалада инфекцияның бір ғана жағдайы анықталды, ал 2 қыркүйекте өсім де нөлге тең болды. 1 және 31 қыркүйекте қалада коронавирус жұқтырған науқастар тіркелген жоқ.

Бірнеше күн бойы Ақтөбе облысында да COVID-19 жұқтырған науқастар тіркелмеді. 4 қыркүйекте облыста науқастар жоқ, 3 қыркүйекте - төрт адам жұқтырған, 2 және 1 қыркүйекте де ауырғандар болмады, 31 тамызда - екі аламна коронавирус табылды.

Түркістан облысында 4 қыркүйекте коронавирустың тоғыз жағдайы анықталды, 3 және 2 қыркүйекте - нөл, 1 қыркүйекте - үш адам жұқтырған, ал 31 тамызда - тоғыз адам.

Соңғы бес күнде Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Батыс Қазақстан және басқа облыстарда жаңа науқастар тұрақты түрде тіркеліп жатыр. 

Жалпы, 4 қыркүйектегі жағдай бойынша елде 106 121 жағдай анықталды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр