Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Каспий құбыр консорциумына жасалған соққы үшін Украинаны жауапқа тартуы тиіс — депутат

Депутат Никита Шаталов Қазақстан Каспий құбыр консорциумына (КҚК) жасалған шабуыл үшін Украинаны жауапқа тартуы керек екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөзден

Депутат бұл туралы өзінің Telegram арнасында жазды. 

Шаталов КҚК-ға шабуыл жасау туралы шешім қабылдағандар жауапқа тартылуға тиіс екенін мәлімдеді. Ол бұл шабуылды Қазақстан мүддесіне қарсы жасалған қылмыс деп атады.

"Қазақстан келтірілген шығындар мен біздің мүдделерімізге бағытталған негізсіз агрессия үшін Украинаны жауапқа тартуы керек. Бұл жағдай Қазақстан мен Украина арасындағы қарым-қатынастарға кері әсер етеді", — делінген жазбада.

Депутаттың айтуынша, Украина өзін Ресейге қатысы бар барлық стратегиялық нысандарға соққы жасауға құқылымын деп санайды.



"Украина шенеуніктерінің бұл құбыр арқылы өтетін мұнайдың 90%-ы Қазақстанға тиесілі екенін, оның Теңіз кен орнында өндірілетінін және одан шыққан шикізатты ЕО-ға экспорттайтын түрлі батыс компаниялары алатынын білмеуі мүмкін емес. Бұл құбыр халықаралық жоба, оның акционерлерінің қатарында "ҚазМұнайГаз" ғана емес, сондай-ақ тұрақты жеткізілімдерге мүдделі америкалық "Шеврон", "Эксон Мобил" және италиялық Eni компаниялары бар. Біз бұл шабуылдың мақсаты дәл біздің экономикалық мүдделерімізге зиян келтіру деп айта аламыз", — дейді Шаталов.

Депутат Қазақстанның Украина мен Ресей арасындағы соғыста басынан бастап бейтарап ұстанымда екенін атап өтті. 

Еске салсақ, бұған дейін мұнай тасымалданатын Каспий құбыр консорциумына украиналық дрондар шабуыл жасағаны туралы жазған едік. 

Талқылау