Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Қытайға шұбат пен саумал жіберді

Қазақстан Қытайға шұбат пен саумал жіберді. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

шұбат

"Биылғы жылы қазақстандық «EURASIA INVEST LTD» зауыты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен ҚХР Бас кеден басқармасының импорттаушылар тізіліміне енгізілді, бұл қазақстандық өндірушілер үшін үлкен жетістік болып табылады. Өйткені ҚХР нарығы біздің қазақстандық сапалы өнім өндірушілер үшін күрделі, бірақ өте перспективалы және де ауқымды нарықтардың бірі болып саналады" ,- деп жазады министр Facebook парақшасында.

Сөзінше, отандық өнім алдымен Ланжоуғаға, одан кейін Бежіңге жіберіледі екен. 

"Міне, жеке және мемлекеттік мекемелермен ұзақ бизнес-келіссөздерден, Қытай стандарттарын талдаудан кейінгі Қытайдың «EURASIA INVEST LTD» нарығындағы алғашқы жеңіс, компания ҚХР-ға түйенің құрғақ сүтінен жасалған «Saubota» өнімінің бірінші партиясын жөнелтті. Отандық өнім келіп түсетін алғашқы провинция – Ланжоу, экспорттың келесі станциясысы - Бежің. Компанияның жоспарында ҚХР-ның тағы да 4 провинциясы бар! Біздің министрлік экспорттаушылар шығындарының бір бөлігін өтеуге арналған қажетті құжаттарды берген кезде Компанияға қолдау көрсетеді. Компанияға алдағы уақытта табыс тілейміз!" - деп қосты Сұлтанов. 

Талқылау