Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан қатысып жатқан қысқы Олимпиадада алғашқы спортшының допинг-сынамасы оң нәтиже көрсетті

Бейжіңде өтіп жатқан Қысқы Олимпиадада алғашқы спортшы допинг-сынамада оң нәтиже көрсетті. Бұл туралы Халықаралық допинг тестілеу агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

допинг

Тестілеуден кейін ирандық шаңғышы Хуссейн Савех-Шемшакидің сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Спортшының сынамасынан дегидрометил-тестостерон метаболиті табылған. 

36 жастағы Хуссейн Савех-Шемшаки Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Иран елінің туын алып шыққан. Қазір ережеге сәйкес ол жарыстан шеттетілген. 

Савех-Шемшаки – танымал спортшылардың бірі. Ол 2010 жылы Ванкувердегі және 2014 жылы Сочиде өткен Олимпиада ойындарына қатысқан. 

Назархан Уән
Бейсенбі, 10 Ақпан, 2022 13:39
Талқылау