AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы ресми сапармен Беларуссияға барды

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Бектанов Беларусь Республикасына ресми сапармен барды.

Беларусь Республикасының Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Виктор Хренинмен және Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-майор Виктор Гулевичпен кездесулерде қорғаныс саласындағы қазақстан-беларусь ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, екіжақты және көпжақты негізде жауынгерлік даярлық іс-шаралары мен оқу-жаттығуларды өткізуді, Армиялық халықаралық ойындарды ұйымдастыру және оған қатысу, кадрлар даярлау және әскери білім беру, әскери-техникалық ынтымақтастық, патриоттық тәрбие мәселелері.

Тараптар өзара қызығушылық тудыратын салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге өзара мүдделілікті атап өтті.

Сапар барысында Беларусь Республикасының Әскери академиясына, жеке десанттық-шабуылдау бригадасына, қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарына, Ұлы Отан соғысы тарихи жәдігері Беларусь Мемлекеттік мұражайына барды.

Қазақстандық делегация Бресттің күштік құрылымдарының басшылығымен, сондай-ақ Беларусь Қарулы Күштерінің Әуе-десанттық әскерлері мен Арнайы операциялар күштерінің ардагерлерімен кездесті. Генерал-лейтенант Мұрат Бектанов "Брестская крепость-герой" мемориалдық кешені мен Минск қаласындағы Жеңіс монументіне гүл шоқтарын қойды.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр