Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан халқының 92 пайызы қазақ тілін меңгерген -

Мемлекеттік тілді меңгерген қазақстандықтардың үлесі - 92%. Мұндай дерек Қазақстанда тіл саясатын дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасында жазылған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Солтүстік Қазақстан тұрғындарының саны бір миллионға жуық адамға азаюы мүмкінҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің дерегінше, былтыр мемлекеттік БАҚ-тағы қазақ тілді контенттердің үлесі 83%-ға жеткен. Өткен жылғы мониторинг нәтижесіне сай, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен ұлттық компаниялардағы құжаттардың 96,5%-ы мемлекеттік тілде жүргізілген.

"Ресми мәліметтер бойынша түркітілдес халықтардың ішінде өзбектердің 72%-і, ұйғырлардың 71,7%-і, қырғыздардың 58,5%-і қазақ тілін сөйлеу тілі деңгейінде, ал 12%-і қазақша оқып, жаза алатын жоғары деңгейде меңгергені анықталды. Славян диаспорасы ішінде орыстардың 25,1%-і, украиндардың 23,7%-і, белорустардың 22,8%-і, поляктардың 22,1%-і, сондай-ақ, неміс диаспорасының 25,2%-і ауызекі қазақ тілін түсінеді. Аталған диаспоралар ішінде қазақша оқып, жаза білетіндер үлесі – 2,9%-ті құрайды", - делінген құжатта. 

Былтыр жүргізілген әлеуметтік және талдамалық зерттеу қорытындысына сәйкес, Қазақстандағы өзге этнос өкілдерінің 0,4%-ы қазақ тілін өзінің ана тілі ретінде санайды.
Жоғарыда келтірілген мәліметтерге сәйкес, еліміздегі қоғамдық қарым-қатынас негізінен орыс тілінде жүргізіледі. Орталық және атқарушы мемлекеттік органдардың құжаттары орыс тілінде әзірленеді кейін қазақ тіліне аударылады. Яғни, мемлекеттік тіл өзінің мәртебесіне сәйкес негізгі тілдің функцияларын орындамай, тек аударма тілі ретінде қолданылады.

Елдегі заң шығарудың негізгі тілі де - орыс тілі. Атап айтқанда, ҚР Парламентінің VI және VII шақырылымында қабылданған 601 заңның тұпнұсқасы орыс тілінде әзірленіп, қазақ тіліне аударылған. Сондай-ақ, сот ісін жүргізуде орыс тілі басым тіл ретінде қолданылады.

"Қазіргі таңда халықтың мемлекеттік тілді меңгеру көрсеткіші бойынша өңірлер арасында бірыңғайлылық жоқ. Бұл тиісті өңірдің географиялық орналасу ерекшелігі мен тұрғындардың этникалық құрамына байланысты. Мысалы, зерттеу нәтижесіне сүйенсек, қазақ тілін меңгерген респонденттердің көбі – Атырау (78,8%), Маңғыстау (76,1%), Жамбыл (74,1%), Қызылорда (73,2%) облыстарының тұрғындары. Қазақ тілін тиісті деңгейде меңгермегендердің үлесі Солтүстік Қазақстан (8,2%), Қостанай (9,0%), Қарағанды (6,5%) облысының тұрғындарына тиесілі болды. Бұл аталған өңірлерде тіл саясатын жандандыру қажеттігін білдіреді", - делінген құжатта. 

Тұжырымдама жобасы 25 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.

Талқылау