AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстан халқына" қоры марқұм 4 жасар Айкөркемнің отбасына қалай көмектескенін айтып берді

"Қазақстан халқына" қоры кеңесінің мүшесі Олжас Құдайбергенов марқұм 4 жасар Айкөркемнің отбасына қалай көмектескенін айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Айдос Мелдеханның жанұясының қайғылы оқиғасы туралы барлығы біледі. Оның 4 жасар қызы Айкөркем қайтыс болып, 15 жасар Жанель ауыр жарақат алды. 18 жастағы Бауыржанның да жарақаты жеңіл болды, Құдайға шүкір, жарақаты жеңіл, тез жазылып кетті. Өкінішке орай, Айдос отбасына ешкім көмектеспеді деген себеппен әлеуметтік желілерде ақша жинау туралы ақпарат тарап жатыр. Айдосқа түрлі құрылымдар қолдарынан келгенше көмектескенін айтқым келеді. Кез келген қаржылай көмек Айдостың қызын қайтарып бермейтіні анық, бірақ қазір оның басты мақсаты – Жанельдің денсаулығын жақсарту.  Ол бұдан былай қолдау юолмайды деген оймен, қызының емделуіне қаражат жинауды бастаған көрінеді", - дейді Олжас Құдайбергенов. 

Ол өзі Айдоспен қаңтардың аяғынан бері байланыста екендігін айтты. 


Қаңтар оқиғасы: Тоқаев 20 мың террорист туралы сұраққа жауап берді


"Мүмкіндігінше оны қадағалап отыруға тырысамын, мүмкін болса, мәселелерді шешуге өзім араласамын.  Жалпы, оның отбасына мынадай көмек көрсетілді:

 1. Емдеу, тексеру, уақытша тұрғын үйді жалға алу шығындары Бекшеновтар отбасының "ПозитивҮмит" қоры есебінен төленді. Емдеуді "Мейірім" қоры үйлестірді.

 2. Алматы қаласы әкімдігінің тапсырысы бойынша "Қазақстан құрылыс индустриясы одағы" ҮЕҰ Айдостың отбасына 3 бөлмелі жаңа пәтер сыйлады. Пәтердің ішкі құрылысы бітпеген болатын, Айдос жөндеу жұмыстарын аяқтап, шілденің басында пәтерге кіруі керек болатын.

 3. Қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге көмек көрсету бағдарламасы аясында "Қазақстан халқын қолдау қоры" Айдостың отбасына наурыз-сәуір айларында 13 млн алған. Сондай-ақ, егер KZ қажетті операцияны жасай алмайтыны шешілсе, Жанельдің шетелде емделуіне кететін шығындарды мемлекет толығымен өтейді.  Шешім алдағы бірнеше күнде шығарылады деп күтілуде!" - деп мәлімдеді ол.

Еске салсақ, 7 қаңтарда басына оқ тиіп, көз жұмған 4 жастағы Айкөркемнің отбасына әкімдік жақында үш бөлмелі үй табыстаған. Алайда бүлдіршіннің әкесі Айдос Меделхан жаңа пәтердің “жыры” көп болып тұрғанын айтады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр