AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздегі ең аз тамақтанатындар Нұр-Сұлтан мен Шымкентте тұрады - Зерттеу

2020 жылы Қазақстан халқының 4,4%-ы тамақтанбай, аштықты бастан өткерді. 2019 жылы олардың үлесі төмен болды – 4,1%. Бұл туралы ranking.kz зерттеуінде айтылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Калориялығы ең төменгі рұқсат етілген деңгейден төмен болған халықтың үлесі үнемі  қалалық жерлерде жоғары болатын: мысалы, ол 2019 жылы 4,1%-ды құрады, ал ауылдық жерлерде – 3,1%. Алайда 2020 жылы ауылдық жерлерде тамақтанбағандардың үлесі айтарлықтай өсті және бірден 4,2%-ға жетті, ал қалалық жерлерде олардың үлесі 4%-ды құрады”, – деп атап өтті сарапшылар.

Халық тұтынатын азық-түлік өнімдерінің энергетикалық құндылығы 2020 жылы тәулігіне орта есеппен жан басына шаққанда 3425 ккал құрады – 2019 жылмен салыстырғанда 5,3%-ға артық.

Сонымен қатар энергетикалық құндылыққа минималды қажеттіліктер іс жүзінде өзгеріссіз қалды: жан басына шаққандағы күнделікті рацион – 1863 ккал, бір жыл бұрын 1866 ккал болды.

ҚР өңірлері бойынша жан басына шаққандағы тәуліктік рационда тұтынылған тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығы Нұр-Сұлтандағы 2856 ккал-дан Павлодар облысында 4120 ккал-ға дейін құбылып отырды.

Ең жоғары калориялы тамақтану Ақмола (3780 ккал) және Шығыс Қазақстан (3631 ккал) облыстарының тұрғындарында да байқалды. Нұр-Сұлтаннан басқа, ең аз калория мөлшері Шымкентте (2981 ккал) және Маңғыстау облысында (3047 ккал) тіркелді.

Бұл ретте барлық өңірлерде тұтынылған тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығы ең төменгі қажеттіліктен жоғары болды.

Тұтынылған тамақ өнімдеріндегі қоректік заттардың құрамы бойынша жартысынан көбі – 51,9% – көмірсуларға (нан өнімдері мен жарма өнімдері), ал майлар мен ақуыздарға (ет және ет өнімдері, жұмыртқа және сүт өнімдері) – тиісінше 35,5% және 12,6% тиесілі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр