Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан халықаралық рейстерді қалпына келтіреді

20 маусымнан бастап Қазақстан Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Таиланд, Грузия және басқа елдерге рейстерді қайта бастайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жұмыс істеуге барған: Норвегиядан 59 қазақстандық азамат депортацияланды

17 маусымда азаматтық авиация комитеті денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстарын ескере отырып, 2020 жылдың 20 маусымынан бастап Қазақстаннан Түркияға, Қытайға, Оңтүстік Кореяға, Таиландқа, Грузияға және Жапонияға халықаралық әуе қатынасы кезең-кезеңімен жаңартылатынын хабарлады.

Халықаралық рейстердің алдын-ала кестесі құрылды, ол авиакомпаниялардың сайттарында ресми жарияланған кестеге сәйкес орындалады. Ұшу кестесін әуе компаниялары түзете алатындығы атап өтілді. 

Алматы халықаралық әуежайының сайтындағы нақты кестеге сәйкес, бүгін қазақстандықтар Анталия (Түркия) мен Дубайға (БАӘ) ұшып бара алады, ал ертең Алматыдан Стамбул мен Анталияға ұшуға болады. Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының онлайн-таблосына сәйкес, бүгін Дели мен Стамбулға рейстер бар.

Комитеттің ақпаратына сәйкес, авиабилеттерді сату алдын ала басталды. Сонымен қатар, ҚХР тарапынан шектеу шараларына байланысты қазақстандық және шетелдік әуетасымалдаушылардың кестесі қаралу сатысында.

"Рейстер Қазақстан мен шет мемлекеттер белгілеген санитарлық қауіпсіздіктің жоғары шаралары жағдайында жүзеге асырылады. Сонымен қатар, ҚР көліктегі бас санитар дәрігері осы елдердегі жағдайды қадағалайтынын және эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда тиісті шаралар қолданылатынын атап өтеміз", - деді комитетте.

STAN.KZ
Сенбі, 20 Маусым, 2020 09:30
Талқылау