Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан футболындағы келісілген матчтармен күрес күшейеді

КФФ президентіФото: kff.kz

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров еліміздегі футболдағы келісілген ойындар мен жемқорлық мәселесі туралы пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оның айтуынша, бұл құбылыс бұрыннан келе жатқан, футбол саласына теріс әсер етіп отырған күрделі жағдай.

"Келісілген матчтар бар екенін жоққа шығармаймыз. Алайда қазіргі Федерация жетекшілігі бұл мәселемен барынша күресіп жатыр. Бұл – жаппай жемқорлық емес, бірақ орын алған әрбір дерек қатаң түрде жазалануы тиіс", – деді Омаров өз мәлімдемесінде.

Федерация әділ ойын қағидатын бұзатын кез келген әрекетке төзбеушілік ұстанымын ұстанады. Осыған байланысты заңнамаға өзгерістер енгізу ұсынылып, жауапкершілікті арттыру мен қылмыстық жаза қарастыру жолдары қарастырылуда. Қазіргі уақытта бұл бастама депутаттар және тиісті мекемелермен талқыланып жатыр.

"Біз үшін бұл – принциптік мәселе. Қазақстан футболында спорттық абыройды саудалайтын адамдарға орын жоқ", – деді ол.

Федерация мәліметінше, мұндай құқық бұзушылықтарға жол бермеу үшін елімізде тиісті құқықтық және ұйымдық шаралар қабылданып жатыр.

Абылайхан Палмағанбет
Жұма, 27 Маусым, 2025 16:35
Талқылау