Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан футбол федерациясы мен 1XBET Қостанай қаласында футбол алаңын ашты

Қазақстан футбол федерациясы мен 1XBET Қостанай қаласында футбол алаңын ашты.

Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан футбол федерациясы ALAN футбол алаңдарын жаңғырту жобасын іске қосты. 2023 жылы басталған бұл жоба УЕФА мен 1XBET компаниясының қолдауымен жүзеге асырылып келеді.

Қазақстан футбол федерациясы мен 1XBET Қостанай қаласында футбол алаңын ашты

ALAN жобасының негізгі мақсаты – спорттық инфрақұрылымның сапасын арттыру және Қазақстанда бұқаралық футболды дамыту.

Жексенбі күні Қостанай қаласында "Алан" жобасы мен 1XBET компаниясының қолдауымен "Тобыл Арена" стадионының алаңы толық жаңартылып, қайта ашылды. 2023 жылдан бері футбол алаңдарын жаңғырту жобасы аясында 18 алаң қайта жөнделді, ал 2025 жылы тағы 9 футбол алаңын жаңарту жоспарланған.

Осылайша мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылуы балаларға спортпен айналысуға барынша қолайлы жағдай жасап, жас ұрпаққа арманын жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашып отыр.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 29 Қыркүйек, 2025 18:52
Талқылау