Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстан Еуропадан әдемі": Мысырлық азамат Қазақстанның көрікті жерлерін жариялап танымал болды

Мысырлық Ахмет Магди Қазақстанның көрікті жерлерін желіде жариялап келеді. Каирде туып-өскен азамат Қазақстанды екінші отаным деп санайды. 2015 жылдан бері Нұр-Сұлтан қаласында тұрып, көрікті жерлерді көпшілікке насихаттап жүр.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.

Ахмет Магди Каирде туып, Германияда оқыған. 2015 жылдан бері елордаға келді. Бүгінде осы қалада тұрып, жұмыс істеп жүр. Арманы әлемді аралау еді. Қазақстанға келгелі біржола қоныстанып қалған. 

Оның ерекше суреттерін елорда әкімі Алтай Көлгінов өз парақшасында бөлісті.

"Атыраулық достарым Қазақстан жайлы айттым. Мен ойлана келе осы елге келдім. Келдім де қалып қалдым. Қазақстан Еуропадан да әдемі. Көрікті жерлері көп. Менің хоббиім көрікті жерлерді насихаттау. Табиғатты жақсы көремін. Қазақстанның өзен-көлдері, таулары әдемі. Менің енді бұл жақтан кетуім қиын", - деді ол. 

Ахмет Магдидің желіде өз оқырмандары бар. Орыс тілін үйренген, қазақша бірнеше сөз жаттап үлгеріпті. 

"Қазақша кей сөздерді білемін. Мен шетелдік болған соң бәрі маған рахмет айтады. Мүмкін шетелдік болған соң осы хоббиім ерекше көрінетін шығар", -  деді Ахмет Магди.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 11 Қаңтар, 2021 17:40
Талқылау