Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Еуро-2024 футбол матчында Словениядан жеңіліп қалды

Қазақстан құрамасының футболшылары 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін жеңіліспен бастады. "Астана аренада" қазақстандық ойыншылар Словениядан жеңілді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

футбол

Бұған дейін Қазақстан мен Словения ұлттық құрамалар деңгейінде кездескен емес, бұл олардың дебюттік кездесуі болатын. Бірінші таймда қазақстандық футболшылар басымдық көрсетті. Ө "Ақтөбе" ФК форварды Максим Самородов 24 минутта гол соғып, 1:0 есебімен алға шықты.

Үзілістен кейін Словения құрамасы басымдық танытты. Дэвид Брекало гол соқса, 78-минутта Жан Випотник команданың жеңуне әсер етті. 2:1 есебімен Словения жеңді.

Келесі ойынды Қазақстан құрамасы 26 наурызда өз аренасында Данияға қарсы өткізеді. 

Талқылау