Қазақстан ең қауіпсіз елдер рейтингісінде нешінші орынды иеленгені белгілі болды
Фото: akorda.kz
2025 жылға арналған әлемдегі ең қауіпсіз елдер мен аумақтардың жаңартылған рейтингі жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Numbeo порталы жариялаған зерттеу дүние жүзіндегі желі қолданушыларының сауалнамасы арқылы жиналған деректерге негізделген.
Numbeo қылмыс деңгейін, күндізгі және түнгі қауіпсіздікті және ұрлық, шабуыл, вандализм және нәсілдік немесе діни қорлау құрбаны болу қаупін бағалайтын пайдаланушы жауаптары негізінде Қылмыс индексі мен қауіпсіздік индексін есептейді. Индекстер 0-ден 100-ге дейінгі аралықты қамтиды. Қауіпсіздік индексі неғұрлым жоғары болса, ел соғұрлым қауіпсіз деп есептеледі.
Ең қауіпсіз елдер
Әлемдегі ең қауіпсіз елдер тізімінде Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) көш бастап тұр. Әмірліктер жеке қауіпсіздік бойынша да, әлеуметтік ортаның жалпы тұрақтылығы бойынша да жоғары бағаға ие болған. Екінші орында Андорра болса, үздік үштікті Катар түйіндеген.
Ең қауіпсіз елдер мен аумақтар ондығына мына елдер кіреді:
- Біріккен Араб Әмірліктері;
- Андорра;
- Катар;
- Тайвань;
- Макао;
- Оман;
- Мэн аралы;
- Гонконг;
- Армения;
- Сингапур.
Бұл мемлекеттер мен аймақтар қылмыс деңгейінің төмендігін, халықтың құқық қорғау органдарына сенімінің жоғары деңгейін және тұрақты ішкі жағдайды көрсетіп отырғаны айтылған.
Қауіпсіздеу елдер
2025 жыл бойынша қылмыс индексі жоғары елдер:
- Гаити;
- Папуа – Жаңа Гвинея;
- Венесуэла;
- Ауғанстан;
- Оңтүстік Африка Республикасы;
- Гондурас;
- Тринидад және Тобаго;
- Сирия;
- Ямайка;
- Перу.
Бұл елдер зорлық-зомбылық, көше қылмысы, тонау, сыбайлас жемқорлық және қауіпсіздікке теріс әсер ететін басқа да факторлар бойынша жоғары балл жинаған.
Қазақстан нешінші орында
Қазақстан 54,4 қауіпсіздік индексімен 73-орынды иеленген.
Рейтингтегі басқа да Орталық Азия елдері:
Өзбекстан – 25-орын, қауіпсіздік индексі: 73.4;
Қырғызстан – 101-орын, индекс: 48.0.
Түркіменстан мен Тәжікстан рейтингке енбеген. Әзірбайжан 68,2 индексімен 25-орында,Түркия 58,6 индексімен 58-орында, АҚШ 50,8 индексімен 91-орында тұр.

“Газ плитасы, күннен қуат алатын панельдер алып дайындаламыз”: Алакөлде шатырда қонып жүрген қазақстандық отбасы жабайы демалысты дәстүрге айналдырған
