Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан елшілігі Түркиядағы қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның Түркиядағы елшілігі елдегі жағдайға байланысты республика азаматтарына үндеу жасап, сақтық шараларын сақтауға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Getty Images

Елшілік қалыптасқан жағдайға байланысты қазақстандықтарды:

  • Халық көп жиналатын орындарға бармауға;
  • Шерулер мен митингілерге қатыспауға;
  • Күшейтілген қауіпсіздік шараларын сақтауға; 
  • Қырағылық пен сақтыққа;
  • Жаңалықтарды қадағалап, биліктің нұсқаулықтарын орындауға;
  • Қазақстанның Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктерімен байланыста болуға шақырды.


Сонымен қатар әлеуметтік желіде митингтер туралы ақпаратты және болған оқиғаларға қатысты баға беріп, пікір білдіруден аулық болыңдар деп ескертті. 

Қазақстанның Түркиядағы шетелдік өкілдіктерінің жедел желі телефондары:
1. Қазақстан Республикасының Анкарадағы Елшілігі: +905352734496
2. Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулдығы: +905012621465
3. Қазақстан Республикасының Анталиядағы Бас консулдығы: +905394400522
4. Қазақстан Республикасының Измирдегі Бас консулдығы: +905530998789

Еске салайық, бұған дейін 19 наурызда Ыстамбұл мэрі және оның серіктері ұсталды. Шенділерді жемқорлық, парақорлық және сатып алу әрекеттеріне қатысы бар деп айыптады.

Шенеуніктерді полиция 4 күн бойы қамауда ұстайды деп жоспарланған. Қалада жаппай тәртіпсіздіктердің алдын алу үшін 4 күнге наразылық акцияларына тыйым салынды. Көлік қозғалысына және метро желілерінің жұмысына шектеулер енгізілді. Кейін бүкіл Түркияда жаппай наразылықтар басталып, олардың әлі де жалғасуы мүмкін екені айтылды.

Бұған дейін Түркияның Бас прокуратурасы Имамоглуның "бизнес басқару" мамандығы бойынша алған дипломының шынайылығы мен заңды күшін тексеру үшін Ыстамбұл университетіне сұрау салған. Оның Солтүстік Кипрдегі университеттен Ыстамбұлға ауысуы кезінде заң бұзушылықтар болғаны туралы күдік туған. Өйткені сол кезде бұл оқу орны Түркия тарапынан ресми мойындалмаған. Бұған байланысты 17 наурызда Ыстамбұл университеті Имамоглуның дипломын жарамсыз деп таныды. Бұл оның президенттік сайлауға қатысуына қиындық туғызуы мүмкін.

Талқылау