Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан сырттан келушілердің барлығына карантин жариялайды

Қазақстанда коронавирусқа байланысты қосымша шектеулер енгізілуде, деп мәлімдеді ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік Төтенше жағдай жөніндегі комиссияның отырысында. Енді елге келген барлық азамат оқшауланатын болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

лайнер

"Өкінішке қарай, әуе, теміржол және автокөлік жолаушылар тасымалына қосымша шектеулер енгізетін уақыт жетті.  

Шетелден, соның ішінде ЕАЭО елдерінен көліктің кез келген түрімен келетін барлық адамдар үшін карантин қамтамасыз етілуі керек.

Чартерлік рейстердің келуін бақылауды күшейту керек", - деді президент Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында.

Сондай-ақ, Ақпарат министрі Дәурен Абаев Қазақстанға келушілер үшін карантин шарттарын түсіндіріп өтті.

1а категориясына жататын елден келген азаматтар (Франция, Иран, Италия, Испания, Германия) ауруханада 14 күнге карантинге жабылады.

Басқа елдерден келген азаматтар коронавирусқа тексерілу үшін ауруханада 1 күн оқшауланып, коронавирусқа сараптама өткізеді.
Коронавирус анықталмаса, олар үйге қайтарылады, онда 13 күн карантинде болады.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 23 Наурыз, 2020 13:31
Талқылау