Қазақстан экономикасы бір орында тұрып қалды
IHS Markit ұйымы Қазақстанның жұмыс белсенділігінің индексін жария етті. Бұл көрсеткіш өндіріс салаларының жағдаятын анықтайды. Сарапшылардың мәліметінше, Қазақстанның индексі үшінші жыл қатарынан төмендеп келеді екен. Бұл дегеніміз мемлекетіміздің экономикасы тоқтап қалды деген сөз, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
PMI көрсеткіші ақпан айында 48,2-ден 47,1-ге азайған. Индекстің төмендігін былай қойғанның өзінде 11 айдың ішінде ол тіпті түсіп кеткен.
PMI индексі әрбір өндірістің саласына байланысты құбылып тұратын көрінеді. Оны зерттеу өндіріс жетекшілеріне қойылатын сауалнама ретінде жүргізіледі. Егер пайыздық көрсеткіш 50-де азса, экономка өсімі тұрақты әрі ілгерінді болып табылады. Ал одан төмен болса елдегі экономика мәз емес деген сөз.
Зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, қаңтардағы көрсеткіштердің түсуіне себеп болған жайт - шығарылатын өнімнің азаюы. Яғни сұраныстың төмендігі мен бәсекелес жоғарылығы өндіріс қызметінің белсендігін түсіруде. Бұған қоса қаңтар айында Қазақстанда жұмыс орындарын қысқаруы да байқалыпты.
Дегенмен қазақстандық өндірушілер үміттерімізді жоғалтпаймыз дейді. Мысалы Tengri Capital ұйымының инвестициялық директоры алдағы уақытта атқарылатын жұмыс өте көп екендігін жеткізіпті.