Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан джиу-джитсудан 40 медаль жеңіп, әлем чемпионы атанды

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Таиланд астанасы Бангкокта өткен джиу-джитсудан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тарихи жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстан спортшылары жалпыкомандалық есепте ерлер мен әйелдер арасында бірінші орынды иеленіп, 11 алтын, 16 күміс және 13 қола медаль жеңіп алды. Чемпионаттың соңғы күнінде қазақстандықтар жоғары деңгейде техникалық шеберлігін, тактикалық дайындығын көрсетті.

Әлем чемпиондары:

Талант Тоқтыбаев (контакт 85 кг);

Акбар Елубайұлы (контакт +94 кг); 

Ақжүніс Өтебаева (контакт 57 кг);

Мақсат Төленді (ноу ни 85 кг);

Мақсат Мұратұлы (ноу ги 56 кг);

Атакелді Есетов (ноу ги 62 кг);

Аслан Қанатбек (хиф контакт 62 кг);

Әбу-Бәкір Жәнібек (хиф контакт 69 кг);

Жібек Құлымбетова (неваза 48 кг);

Шерхан Жақсылық (контакт хиф 85 кг);

Бекзат Баймұратов (контакт хиф 77 кг).

Олардың әрқайсысы Қазақстанның тарихи жеңісіне үлес қосып, еліміздің джиу-джитсу бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі екенін дәлелдеді.

Жалпы есеп: 

Қазақстан – 11 алтын, 16 күміс, 13 қола;

Бейтарап атлеттер командасы – 10 алтын, 7 күміс, 17 қола;

Вьетнам – 8 алтын, 7 күміс, 10 қола;

Германия – 7 алтын, 3 күміс, 4 қола;

Бразилия – 6 алтын, 7 күміс, 4 қола.

Жарысқа 59 елден 1100-ге жуық спортшы қатысты. Әлем чемпионаты 14 қарашаға дейін жалғасады. Алдағы күндері U16, U18 және U21 жас санатындағы жасөспірімдер сынға түседі.

Жұмаділлә Нұрила
Сенбі, 08 Қараша, 2025 17:20
Талқылау