Қазақстан цифрландыру деңгейі бойынша Канада мен Еуропаның кейбір елдерін басып озды - сарапшылар
Азаматтардың электрондық қатысу деңгейі бойынша Қазақстан әлем елдерінің ішінен 15-ші, e-Government бойынша 28-ші орынға ие болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанда цифрландыру және диджитализация деңгейі дамығаны байқалады. Мәселен, ағымдағы жылы Қазақстан БҰҰ мониторингіне кіретін 193 елдің арасында электрондық үкіметтің даму деңгейі бойынша 28-ші орынға ие болған.
Ел индексі (e - Government Development Index-EGDI) 0,86 тармақты құрады. Бұл ТМД және Орта Азия елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Сонымен қатар, Қазақстан Ирландия, Канада, Италия, Бельгия, Чехия және т.б. дамыған елдерді айтарлықтай басып озды.
EGDI электрондық үкіметтің үш маңызды аспектісін қарастырады: онлайн қызмет көрсету, телекоммуникация және адам әлеуеті. Елдегі веб-сайттарды дамыту модельдерін бағалаумен қатар, индекс қолжетімділік сипаттамаларын (инфрақұрылым және білім деңгейі) қамтиды.
Сонымен қатар, азаматтардың электрондық қатысу рейтингінде (E-Participation Index, Epi) Қазақстан 15-ші орынға ие болды. EPI индексі EGDI-ді толықтырады. Азаматтардың сұраныс бойынша немесе ақпаратқа қол жеткізуін, мемлекеттік саясат пен қызметтерге қатысуға, сондай-ақ саясатқа, қызметтерге және оларды ұсыну тәсіліне қатысты бірлескен электрондық шешімдер қабылдау арқылы халықтың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуді көрсетеді.
Ағымдағы жылдың тамыз айында Speedtest Global Index мәліметтері бойынша, Қазақстанда мобильді интернеттің орташа жылдамдығы 22,1 Мб/с құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,4 пайызға жоғары.
Көршілес Ресейде бұл көрсеткіш 21,2 Мб/с құрады, Орталық Азия елдері арасында ҚР-дан кейін Қырғызстан (20,2 Мб/с), одан әрі — Өзбекстан (15,1 Мб/с), одан кейін Тәжікстан (7,8 Мб/с) келеді.
Сонымен қатар, цифрлық эволюция бойынша 90 ірі экономика рейтингінде Digital Intelligence Index Қазақстан цифрландырудың даму қарқыны бойынша 20-шы орынды иеленді.
ҚР цифрлық әл-ауқатты одан әрі дамыту үшін неғұрлым перспективалы елдер тобына кірді.

Қоғам белсендісі Алматы көшелеріне төселген брусчатканың жеке қолға сатылып жатқанын әшкереледі: Алайда әкімдік олардың мұқтаж отбасыға берілгенін айтып отыр
