Қазақстан-Британ техникалық университеті оқу орнындағы өртке қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) 12 қаңтарға қараған түні ЖОО ғимаратында болған өртке байланысты түсініктеме берді. Алдағы уақытта студенттерге сабақ кестесіне қатысты ақпарат жіберіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин және ТЖМ
ҚБТУ баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта құзыретті органдармен бірлесіп оқиғаның себептеріне тергеу жүргізілуде.
"Қазақстан-Британ техникалық университеті студенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Оқу сабақтарының форматы мен кестесіне қатысты ақпарат жақын арада студенттерге жіберілетін болады", - делінген хабарламада.
Еске салсақ, 11-12 қаңтар аралығында ҚБТУ ғимаратының 4-қабатында өрт шықты. Алматы ТЖД құтқарушылары өртті жедел оқшаулап, жойды. ҚБТУ мәліметтері бойынша зардап шеккендер жоқ.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген