Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан бокстан кіші әлем чемпионатында сәтсіз өнер көрсетті

Софияда (Болгария) өткен шағын әлем чемпионаты Странджа халықаралық турнирінде қазақстандық боксшылар сәтісіз өнер көрсетті. Ел қоржынында екі медаль бар деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Оразбек Асылқұлов (57 келі) күміс, Нұрқанат Райыс (75 келі) қола жүлдегер атанды.

Қазақстан ерлер құрамасының Странджа-2023 турниріне қатысуға өтінімінде бастапқыда он екі боксшы болды. Олар: Ернұр Қайрат (48 келі), Кенже Мұратұлы (51 келі), Бекзат Алдамжаров (54 келі), Оразбек Асылқұлов (57 келі), Ерасыл Таңқай (60 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі), Темірхан Тезек (67 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі), Бекзад Нұрдәулетов (80 келі), Бекзат Таңатаров (86 келі), Абзал Құттыбеков (92 келі), Қамшыбек Құнқабаев (+92 келі).

Қазақстандық боксшылар алтынға қол жеткізе алмады.

Салыстыру үшін айта кетейік, бір жыл бұрын "Странджа-2022" турнирінде Қазақстан ерлер құрамасы тоғыз медаль алған болатын. Одан кейін қазақстандық боксшылар екі алтын, екі күміс және бес қола медаль жеңіп алды.

Талқылау