Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан бидай мен ұн экспортына шектеу енгізеді

Қазақстанда 2022 жылдың 30 қыркүйегіне дейін бидай мен меслинді, бидай мен қара бидай ұнын шығаруға квоталар енгізіледі. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2022 жылғы 5 шілдедегі бұйрығымен Қазақстан аумағынан үшінші елдерге және ЕАЭО елдеріне бидай мен меслинді әкетуге сандық шектеулер 550 000 тонна мөлшерінде, бидай және қара бидай ұны-370 000 тонна мөлшерінде белгіленді.

Шектеулер 2022 жылғы 8 шілдеден бастап 30 қыркүйекке дейін жүргізіледі.


Қазақстандық кеме Украинадан астық шығарып жатыр: "Қазақстан темір жолы" желідегі ақпаратқа қатысты пікір білдірді


Бұл тауарларды әкетуге сандық шектеулер елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі.

"Бұл ретте, бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін Қазақстан мен ЕАЭО кеден заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі бойынша орналастырылған және шығарылған тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан кедергісіз әкетілуге жатады", – деп хабарлады комитеттегілер.

Талқылау