Қазақстан — Бельгия кездесуі: Дастан Сәтпаев есеп ашты

Бүгін 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында “Астана Аренада” Қазақстан және Бельгия құрамалары ойнап жатыр. Ел құрамасы есеп ашты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі хабарлайды.
Матчты литвалық төреші Донатас Румшас бастаған қазылар алқасы жүргізіп жатыр. Тоғызыншы минутта Дастан Сатпаев есепті ашып, Қазақстан құрамасын алға шығарды.
Қазіргі есеп — 1:0, Қазақстан құрамасының пайдасына
Бельгия құрамасы J тобының турнир кестесін бастап тұр. Команда алты ойында 14 ұпай жинаған. Қазақстан құрамасы жеті ойыннан кейін жеті ұпаймен төртінші орында келеді.
2026 жылғы әлем чемпионатына 48 ұлттық құрама қатысады. Олар әрқайсысында төрт командадан болатын 12 топқа бөлінеді. Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өз топтарында бірінші және екінші орын алған құрамалар, сондай-ақ үшінші орынға тұрақтаған командалардың ішінен ең үздік сегіз команда жолдама алады. Бұған қоса, 2026 жылғы әлем чемпионатында жаңа кезең — 1/16 финал енгізіледі.
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді