Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан басқа елдерге көмек жіберу үшін миллиондаған доллар жұмсаған

Деректерге сәйкес, биыл жыл басынан бері Қазақстан басқа елдерге 3,8 миллион долларға гуманитарлық көмек жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ranking.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Сурет pexels-тен

Соңғы рет еліміз 7 қазанда күшті жер сілкінісі болған Ауғанстанға гуманитарлық көмек жіберді. Үйінді астынан адамдарды құтқаруға практикалық көмек көрсету үшін қазақстандық құтқарушылар да барды.

Деректерге сай, 2023 жылы Қазақстаннан жіберілген гуманитарлық көмектің барлық дерлік көлемі тек екі елге: Тәжікстанға (1,7 миллион доллар) және Ауғанстанға (1,6 миллион доллар) жіберілген. Биыл ақпан айында күшті жер сілкінісі болған Түркия мен Сирияға 338 мың доллар және 11,5 мың долларлық гуманитарлық көмек барған. Ал соғыс осы күнге дейін жалғасып жатқан Украинаға 101 мың доллар жіберілген.

Сурет Ranking.kz

Қазақстан жіберген гуманитарлық көмектің ең көп көлемі азық-түлік тауарларына шамамен екі миллион доллар кеткен. Одан кейінгі орында киім-кешек пен аяқ киім (168,1 мың), сондай-ақ машиналар мен жабдықтарға (88 мың) доллар жұмсалған.

Және бұл қаражат өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда үш есеге аз.

Бұған дейін БҰҰ әлем қауымдастығын палестиналықтарға гуманитарлық көмек көрсету үшін 294 миллион доллар жинауға шақырған болатын.

 

Талқылау