Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қазақстан Барысы” турнирінің жеңімпазы анықталды

Астанада өткен VII Республикалық “Қазақстан Барысы” турнирін қызылордалық Еламан Ерғали жеңіп алып, алтын тайтұяққа қол жеткізді.

8(4)

Ол финалдық белдесуде жерлесі Ұлан Рысқұлды жеңіп, мықтылығын көрсетті. 1995 жылы туған жас балуан, биылғы “Қазақстан барысының” жаңалығы болып отыр. Еске салсақ, Ұлан Рысқұл 7 жыл бұрын “Қазақстан Барысы” жарысының ең алғашқы жеңімпазы атанған еді. Ол бүгінгі бәсекеде ширек финалда өзінің туған інісі Руслан Әбдіразақовты, ал жартылай финалда Айбек Нұғымаровты жеңіп финалған шыққан болатын.

45454

Ұлан Рысқұл

Ал Еламан Ерғали ширек финалдық сында Асыл Барменовты жеңіп, ал жартылай финалда Арман Қалиевтен айласын асырған.

Үшінші орын үшін болған тартыста семейлік Айбек Нұғымаров атыраулық Арман Қалиевті жеңіп, қола жүлдені жеңіп алды.

85855

Айбек Нұғымаров

Барыс атанған балуан 25 миллион теңге ақшалай сыйлықты да қанжығасына бөктерді.

Талқылау