Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан барып көруге тұрарлық үздік 10 елдің қатарына кірді

Қазақстан баруға тұрарлық алғашқы он елдің қатарына енді. Dove Travel италиялық басылымы туристерге өмірінде кем дегенде бір рет Қазақстанға барып көруді ұсынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Қазақстан – ТМД елдерінен бұл тізімге енген жалғыз ел. Сарапшылар қалалардың көркемдігін, табиғи көрікті жерлерін және жергілікті мәдениетті ескерді.

Саяхатшыларға Қазақстаннан басқа Оман, Оңтүстік Африка, Индонезия, Непал, Исландия және Жаңа Зеландияға баруға кеңес берілген. Рейтингтің алғашқы үштігінде Гавайи, Барбадос және Венесуэла тұр. 



Рейтингте Қазақстанның негізгі жерлері ретінде Алматы мен Астана, сондай-ақ Маңғыстау облыстарының табиғи көрікті жерлері көрсетіледі. Мақалада Шарын ұлттық саябағы, Көлсай және Қайыңды көлдері туралы кеңінен айтылады. Алматының Вознесенск кафедралы соборы мен орталық мешіт атап өтілді. Маңғыстаудың Бозжырасы мен Қызылкүп трактаты келтірілген. Ал елордаға барған кезде Әзірет Сұлтан мешіті және жалпы Астананың сәулетін тамашалауға кеңес берді.

Талқылау