Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Азия ойындарында: семсерлесушілер қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық семсерлесушілер Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазақстандық семсерлесушілер жартылай финалға шығып, Оңтүстік Корея құрамасынан 41:45 есебімен жеңіліп қалды. Қола жүлдегерлер Артем Саргсян, Мұхамедәлі Рахманәлі, Назарбаев Саттархан және Жанат Нәбиев болды.

Медальға жету жолында қазақстандықтар Непал (45:15) мен Кувейт (45:43) құрамаларынан басым түсті.

Семсерлесушілердің қола жүлдесі қазақстандықтар үшін жалпы есепте 14-ші болды. 

Талқылау