Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан азық-түлік бағасы ең қолжетімді елдер тізіміне енді

өнім бағасыФото: freepik.com

Қазақстан азық-түлік бағалары қолжетімді елдер тізіміне енді. Рейтингті Numbeo сарапшылары құрастырған. Бір жылдың ішінде еліміз тізімде 13 сатыға көтеріліп, 21-орынға жайғасқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандағы азық-түлік бағасы әлемдегі ең қымбат қала – Нью-Йоркпен салыстырылды. Нәтижесінде елімізде азық-түліктің қолжетімділік индексі шамамен 28 пайыз болған. Демек біздің бағалар Ауғанстан, Пәкістан және Ирандағыдан шамамен бір жарым есе жоғары. Дәл осы мемлекеттер рейтингтің көш басында тұр. Ал ең қымбат азық-түлікті Исландия, Швейцария және Кайман аралдарының тұрғындары тұтынады. Бұл елдерде баға Қазақстаннан төрт есе қымбат.

өнім бағасыФото: Видеодан скрин

Сарапшылар ең көп сұранысқа ие тауарлардың құнын да салыстырған. Ең қымбат өнімдер сүт, картоп және сиыр еті Швейцарияда тіркелген. Мәселен, бұл елде бір килограмм еттің бағасы Қазақстандағыдан жеті есе жоғары. Сондай-ақ бір литр сүт бізде екі есе арзан. Ал бір килограмм картоп шамамен 2 доллар төмен.

тізімФото: Видеодан скрин

ТМД елдерінің ішінде ең арзан азық-түлік Беларусьте екені анықталды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын реттеу тоқтатылатыны туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 17 Қазан, 2025 10:41
Талқылау