Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан азаматтығын қай мемлекеттің адамдары жиі алатыны белгілі болды

Биыл 7 айда 14 561 шетелдік Қазақстан азаматтығын алды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінен мәлім етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

"2022 жылы 22 114 адам, оның ішінде 17 663 қандас Қазақстан Республикасының азаматтығын алды. Мәліметтерге сүйенсек, былтыр Қазақстан азаматтығын алғандардың ішінде көбісін Өзбекстан – 14 353 (оның ішінде 13166-сы этникалық қазақ), Қытай Халық Республикасының – 1 731 (оның ішінде – 1725-і этникалық қазақ), Ресейдің – 1 436 (484-і этникалық қазақ), Түрікменстанның -1 186 (оның ішінде – 1176 этникалық қазақ) және Қырғызстанның – 910 (оның ішінде – 220-ы этникалық қазақ) азаматтары құрайды", - деп атап өтеді министрліктен агенттіктің ресми сауалына берген жауабында.

Ведомство дерегінше, 2023 жылдың 7 айында 14 561 адам Қазақстан азаматтығын алды, оның ішінде 11 142 қандас бар.

"Олардың көп бөлігі Өзбекстан – 8 500 (оның ішінде 7301-і этникалық қазақ, Ресей – 2 133 (оның ішінде 845-і этникалық қазақ), Түрікменстан -1 203 (оның ішінде 1185-і этникалық қазақ), Қытай Халық Республиксының – 1 064 (оның ішінде 1 062-сі этникалық қазақ) және Қырғызстан – 718 (оның ішінде 535-і этникалық қазақ) азаматтары болды", - деді министрліктен.

Талқылау