Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан азаматтығы бар журналист Ресейден қуылды

Ресейлік Properm.ru басылымының журналисі, Қазақстан азаматы Владислав Иваненко Ресей Федерациясынан депортацияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: perm.rbc.ru

Бұған дейін Қазақстан азаматы Ресейде тұруға ықтиярхатының жойылғаны туралы хабарлама алған. Журналист 9 қарашада ұсталды, содан кейін онымен байланыс болмаған. Алайда кейін журналистің шетел азаматтарын уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғаны белгілі болды.

Сот оның тұруға ықтиярхатының жою туралы шешімді тоқтатқанына қарамастан кеше Владислав Иваненко Екатеринбург әуежайына жеткізіліп, Қазақстанға депортацияланған.

Бүгін, 14 қарашада Пермьдің Киров аудандық сотында осы іс бойынша отырыс өтуі керек еді.

"Біз құқық қорғау органдарының әрекеттерін заңсыз деп санаймыз. Біз не болып жатқандығы туралы ресми түсініктеме беруін талап етеміз. Сондай-ақ, тілшімізді сотта да қорғауды жалғастырамыз", - деп жазды  Properm.ru басылымының бас директоры Денис Вихров.

Талқылау