Қазақстан азаматтарына Түркияға келуге тыйым салынды
Екі апта бойы Қазақстан азаматтарына Түркияға кіруге уақытша тыйым салынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Шекаралардың жабылуына Қазақстанда жарияланған карантиннің қатаң түрде күшейтілуі себеп болған.
"Алматыдан және Нұр-Сұлтаннан Стамбул мен Анталияға ұшулар Түркиядағы демалысы аяқталғаннан кейін отанына оралғысы келетін қазақстандықтарды әкелу мақсатында жалғасады.
Түрік билігінің мәлімдеуінше, бұл шаралар уақытша. Шектеулер екі аптадан кейін алынады деп күтіліп отыр. Түркияға ұшу кестесінде өзгерістер болады, ол жолаушыларға электронды пошта және sms-хабарлама арқылы жеткізіледі", - деп хабарлады Air Astana авиакомпаниясы.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”