Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әке, өтінемін, көмектес": Қазақстан азаматы Чехияда белгісіз жағдайда жоғалып кетті

Үш жыл бұрын Қазақстаннан Чехияға оқуға барған Олег Кузьмин белгісіз жағдайда жоғалып кетті. Жақындары Олегтің үнемі байланысқа шығып тұрғанын айтады. Алайда 26 ақпанда достарымен түнгі клубқа барып, кейін мүлдем хабарласпаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 

Олег

20 жастағы Тараз қаласының тумасы Олег Кузьмин клубтан шыққан соң түнгі сағат 03:00 шамасында әкесіне телефон соғып, көмек сұраған екен.  

"Тұтқаны көтеріп едім, амандасқан да жоқ, тек үш сөз айтты: "Әке, өтінемін, көмектес". Сосын телефон өшіп қалды, бірақ мен әрі қарай да сөйлей бердім. Өйткені байланыстың үзілгенін білмедім", – дейді әкесі Сергей Кузьмин.

Әкесі баласының көп жанжалдаспайтынын айтады. Бұған дейін күдікті ештеңе байқамаған. Қазір Олегті Чехия полицейлері іздестіріп жатыр. Олар мәйітханалар мен ауруханаларды тексерген, бірақ жігіт әлі табылмады. 

Олег соңғы рет болған түнгі клуб күзетшісі оның мекемеден жалғыз шықпағанын айтқан. 

"Орыс тілінде сөйлейтін бір жігітпен шыққан. Бұл – Праганың орталығы, жанында автобекет бар, бейне бақылау камералары өте көп. Барлығы Прагада мұндай оқиғаның болуы мүмкін емес дейді. Сондай-ақ полицияның камерадағы деректермен неліктен бөліспей отырғаны түсініксіз", –  деп қосты Сергей Кузьмин.

Прагада студентті іздестіріп жатыр, қазір Қазақстан Сыртқы істер министрлігі де іздеу жұмыстарына қосылған. 

Олег арықша келген, орта бойлы, көзі қоңыр, жасы жиырмада. Тараздағы жақындары Олег аман-есен табылады деп үміттенеді. 

Назархан Уән
Сәрсенбі, 09 Наурыз, 2022 09:52
Талқылау