Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан аймақтарындағы футболды қаржыландыруға кететін ақша кесілмек

Қазақстанда аймақтардағы спортты дамытуға бөлінген ақшаның жартысы тек футболға жұмсалуда. Бұл туралы мәжіліс депутаты Гүлшара Әбдіхалықова мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

Шенеуніктің сөзінше, футболдан басқа да спорттың түрлеріне айтарлықтай көңіл бөлінуі шарт.

"Жергілікті аймақтарға спортқа бөлінетін ақшаны жоспарлауда бірқатар түсінбеушіліктер пайда болады. Бюджеттің жартысы дерлік тек футболға жұмсалады. Сол себепті заң тұрғысынан әрбір спорт түріне жұмсалатын қаражатқа шектеу қойған дұрыс. Бұл, әсіресе, басқа да спорт түрлері үшін маңызды болмақ", - деді депутат.  

Бұған қоса ол елдегі спорт алаңқайларының санын реттеу туралы ережеге өзгерістер енгізу керек деп қосты. Гүлшара Әбдіхалықованың сөзіне сүйенсек, қазіргі таңда Қазақстанда 600 мың шаршы метр спорт алаңдарының жетіспеушілігі байқалады екен. Сонымен қатар олардың құрылысы да баяу қалыппен атқарылуда. Мемлекет қолдауымен тек 105 жоба салынып бітіпті. 

"Қазақстанның тек үштен бірі ғана спортпен шұғылданады. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 60 пайызға дейін барады. Алматы және Қостанай облыстарында балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт үйірмелерін жауып тастаған. Алматыда спорт клубтары мүлдем жоқ. 27 пайыз мектептерде спорт залы салынбаған. Тұрғындардың ақша жетіспеушілігі олардың спортқа деген қызығушылығын төмендетіп жіберген", - деп қосты шенеунік. 

Депутат тәуелсіздік жылдарында халықты салауатты өмір салтын ұстануға тарту сол күйі жүзеге асырылмай қалғандығын атап өтті. 

Мәдениет және спорт министрлігінің деректеріне сәйкес, Қазақстанда 30 мыңға жуық спорттық нысандар бар. Мемлекеттік талаптарға сай әрбір мың адамға 80 мың шаршы метр спорт алаңы болуы шарт. Бірақ бүгінгі күні әрбір мың қазақстандыққа тек 47 шаршы метр спорт алаңы сәйкес келеді екен. 

2019 жылы Қазақстанда 13 дене-шынықтыру кешендері салынған. Алдағы 2020-2021 жылдары тағы 87 нысанның құрылысы іске асырылады екен.  


 

Талқылау