Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан әйелдер құрамасының FIFA рейтингіндегі орны белгілі болды

Фото: KFF

FIFA 2025 жылдың шілде айына арналған әйелдер ұлттық құрамаларының жаңартылған рейтингін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жаңа рейтингке сәйкес, Қазақстан әйелдер құрамасы 1175,94 ұпаймен 108-орында тұр.

Ал рейтингтің көшін Еуропа чемпионатының финалына шыққан Испания құрамасы бастады (2066,79 ұпай). Айта кетейік, испандықтар шешуші ойында Англия құрамасына пенальти сериясында жеңіліп қалды (1:1, 1:3 пенальти бойынша).

Екінші орынға АҚШ құрамасы жайғасса, үздік үштікті Швеция құрамасы түйіндеді. Еуропаның қазіргі чемпиондары — Англия әйелдер құрамасы бесінші орыннан төртінші орынға көтерілді. Ал Германия үздік бестікті аяқтап тұр.

FIFA рейтингіндегі үздік ондық (әйелдер құрамалары):

1 (2). Испания – 2066,79
2 (1). АҚШ – 2065,06
3 (6). Швеция – 2025,26
4 (5). Англия – 2022,64
5 (3). Германия – 2011,56
6 (10). Франция – 1988,68
7 (4). Бразилия – 1976,3
8 (7). Жапония – 1971,05
9 (8). Канада – 1967,83
10 (9). КХДР – 1944,22
108. Қазақстан – 1175,94

Абылайхан Палмағанбет
Бейсенбі, 07 Тамыз, 2025 19:31
Талқылау
`