Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан әйелдер құрамасы Арменияны жеңіп, топта екінші орынға көтерілді

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлттар Лигасында кезекті ойынын өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҚФФ

Қазақстан мен Армения құрамалары 3-топтағы С Лига аясында кездесті. Матч төртінші тур аясында болды. Ойын Астанадағы “Астана Арена” стадионында өтіп, 3:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Екінші таймда қазақстандықтар Әмина Бибосынованың қос голының арқасында алға шықты. Бірақ Армения да жауапсыз қалмай, Нарине Давтян екі голмен есепті теңестірді. Шешуші голды Қазақстан командасы сапынан Әйгерім Айтымова 71-минутта соқты.

Бұл – Қазақстан құрамасының биылғы Ұлттар Лигасындағы қатарынан екінші жеңісі. Қазір команда 7 ұпаймен екінші орынға көтеріліп, 6 ұпаймен Арменияны артта қалдырды. Бірінші орында 7 ұпаймен Люксембург құрамасының әлі Лихтейнштейнмен бір ойыны бар.

Ал Қазақстан құрамасы топтық кезеңде тағы екі матч өткізеді.

  • 30 мамыр — Лихтенштейнге қарсы (үйде),

  • 3 маусым — Люксембургке қарсы (үйде).

Топ жеңімпазы В Лигасына жолдама алады, ал екінші орын иелері плей-офф матчтарына қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Талқылау