Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда көлік номерін таңдауға арналған жаңа қызмет пайда болады

Қазақстанда мемлекеттік автонөмірлерді таңдауға бағытталған қызмет пайда болуы мүмкін. Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Маған басқа да арналар арқылы қажетті нөмірлерге тапсырыс беруге болатындығы туралы ақпарат келіп жатады. Бұл жағдаймен барынша таныспын. Сондықтан біз мемлекеттік нөмірлерді таңдауға бағытталған қызметті енгізу мәселесін пысықтап жатырмыз. Мұндай функцияның көмегімен клиент кез-келген әріптік нөмір белгілерін таңдай алады. Мысал ретінде алсам, сатып алушы өз есімінің алғашқы үш әрпін енгізу арқылы қалаған нөміріне қол жеткізе алады. Бұл қызмет түріне бізде үлкен сұраныс бар”, - деп жазды министр.

Сондай-ақ, ол  мұндай қызметті жүзеге асыру үшін жоғары сұранысқа ие нөмірлердің тізбесін ұлғайтуды заңнамалық түрде бекіту қажет екенін атап өтті. Министр осындай нөмірлерді сату арқылы бюджетке қосымша қаражат түсетінін де айтты.

Талқылау