Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан автобизнес қауымдастығы 2022 жылға арналған автокөлік сату нарығының қорытындысын шығарды

Қазақстан автобизнес қауымдастығы Қазақстан Республикасында 2022 жылға арналған ресми сатылған жаңа автокөліктердің сатылу көрсеткішін қорытындылады, статистика 2021 жылмен салыстырғанда 5,1%-ға өскен.

Кобаль нексиа

Қазақстан автобизнес қауымдастығының ресми мәліметі бойынша, бір жыл ішінде 34 289 Chevrolet маркалы автокөлік сатылған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,8%-ға артық. Брендтің қазақстандық нарықтағы сату үлесі шамамен 27,7% құрайды, соңғы екі жылдағы сатылым рейтингінде бірінші орында.

Қазақстандық көлік нарығында Chevrolet брендінің ең көп сатылатын үлгілерінің рейтингі келесідей: дәстүр бойынша Chevrolet Cobalt моделі сатылым көлемі бойынша көшбасшы қатарында, ол ең жоғары өсу динамикасын көрсетті (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда +58,7%), ал нарықтағы үлесі 18,7% құрады, яғни рекордтық сан – 23 178 автокөлік. Бренд рейтингінде екінші орында 7 145 бірлік сатылған автомобильдер саны бойынша Chevrolet Nexia тұр. 2022 жылдың наурыз айынан бастап бұл бренд сатылымдарды ай сайын арттырып келеді, Chevrolet Cobalt және Chevrolet Nexia B сегментіндегі қалалық седандары сөзсіз бестселлерге айналды. Үшінші орынды Chevrolet Damas және Chevrolet Labo иеленді – бұл модельдердің шағын габаритті коммерциялық көліктерін 1000-ға жуық сатып алушы таңдады. Chevrolet Spark моделі төртінші қатарда, барлығы соңғы 5 айда 925 автокөлік сатылды - бұл соңғы бірнеше жылдағы бұрын танымал болмаған А сегментіндегі рекордқа жатады. Жоғары технологиялық кроссовер Chevrolet Equinox және динамикалық Chevrolet Tracker алғашқы бестікті қорытындылайды, сату көлемі 763 бірлікті құрады.

B-SUV Chevrolet Tracker моделіне ерекше назар аударылады, 3-тоқсанда модель өсім көрсетті (APPG-ге +22%). 2023 жылы бұл көлікке арналған жаңа жетілдірілген әрлеу деңгейлері күтілуде, оның ішінде жоғарғы әрлеу деңгейлеріндегі интеллектуалды қауіпсіздік мүмкіндіктері бар.

Қазақстан нарығында жеті орындық Chevrolet Traverse кроссоверінің таныстырылымы 2022 жылдың басты оқиғаларының бірі болды. Модель сатылым басталғанға дейін-ақ қазақстандықтардың, әсіресе Астана халқының назарын өзіне аудартты. 

Дилерлік желінің дамуы

Қазақстандағы Chevrolet көліктерінің ресми дистрибьюторі дилерлік желілерді жаңғырту және дамыту жұмыстарын жалғастырып келеді. 2022 жылы Астана қаласындағы оң жағалауда жаңа Allur Auto, Екібастұз қаласында Germes Motors, Өскеменде DCG Vostok дилерлік орталықтары ашылды. 

Бүгінгі таңда Chevrolet дилерлік желісінде көліктерді сату және қызмет көрсету бойынша 25 ресми орталық бар. Олар Павлодар, Семей, Тараз, Екібастұз, Орал, Өскемен, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Қарағанды мен Қызылорда қалаларында орналасқан. 

Дамас Лабо

Клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары стандарттарының арқасында дилерлік орталықтарда автонесиені, бөліп төлеуді, сақтандыру полисін сақтандыруға болады. Ал кей орталықтарда Trade-In бағдарламасы бойынша автокөлік алу мүмкіндігі қарастырылған. 

Қорыта келе, нарықтағы қиындықтар арқасында Chevrolet бренді модельдерінің көптігі есебінен сатылым деңгейінің жоғары екенін көрсетті. Оның модельдер үлгісі автонарықтың әр сегментінде бар және бағасы ұсынылған модельдер функционалына сәйкес келеді.

Траккер

Анықтама үшін

Chevrolet автокөлік брендінің дистрибуциясы 2020 жылғы мамырдан бастап қазақстандық Allur автокөлік компаниясының құрамына кіреді. Chevrolet бренді 2021 жылдан бастап нарықта көп сатылатын автокөліктер рейтингінде көш бастап тұр.

2022 жылы 8 қазан күні Астанада Chevrolet Cobalt "Халыққа арналған үздік тауар" номинациясында, 153-тен астам компания қатысқан "Қазақстанның үздік Тауары" республикалық жарыс-көрмесінде жеңімпаз атанды.
Kolesa.kz жыл сайын өтетін Award дәстүрлі сыйлығының нәтижесін қорытындылады. Онда Chevrolet Cobalt 2022 жылғы "үздік модель" номинациясын жеңіп алды.

Өз қалаңыздағы дилерлік орталықтың мекенжайын ресми сайттан таба аласыз.

Талқылау