Қазақстан ауруханаларында педиатрия бөлімдері қайта ашылады
Қазақстандық ауруханаларда алты жасқа дейінгі педиатриялық бөлімдер қайта ашылады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкімет отырысында мәлімдеді.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазады.
“Балаларға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында және жалпы негіздегі дәрігерлерге түсетін салмақты азайту үшін жасалып отыр. Негізінен алты жасқа дейінгі балаларға арналған педиатриялық бөлімдер қайта қалпына келтіріледі”, – деді Біртанов.
Министрлік мәліметінше, 2017 жылы 47 педиатриялық бөлім құрылған. Әлі жыл аяғына дейін әлі 60 бөлім ашылады. Біртанов сондай-ақ, елімізде балалар дәрігерінің жетіспейтін және педиатриялық факультеттер қажеттігін айтқан.
“Осы жылы Асфендияров атындағы ҚазНМУ базасында Бақытжан Әбдірұлы сіздің тапсырмаңыз бойынша қайтадан педиатрия факультеті ашылып, 150 адам оқуды бастады. Алдағы уақытта оның көлемі арта түседі”, – деді министр.
Қазіргі кезде тек Алматы қаласындағы осы ҚазНМУ-да ғана педиатрия факультеті бар. Оқу бағдарламасы – 5 жыл бакалавр, 2 жыл интернатура форматы бойынша жүргізіледі. Аталған мамандық бойынша оқыту лицензиясын 2017 жылдың 20 шілдесінде алған.
Жіберіп алмаңыз:
Ғалымдар қазіргі уақыттағы балдың қандай зияны барын анықтап білді
Ғалымдар рак дертінен сақтанудың басты жолы анықтады
Мамандар артық салмақтан арылу үшін қара шайды қалай ішу керегін айтты
Қазақстанда 1 қазаннан бастап тұмауға қарсы вакцинаны жаппай егу басталады