Қазақстан аумағындағы ішкі пойыздардың қатынасы тоқтатылды

Қазақстанда коронавирусқа байланысты жағдайды ескере отырып, 31 наурыздан бастап елдегі пойыз қатынасы толығымен тоқтатылды, деп хабарлайды Stan.kzStan.kz ақпарат агенттігі.

пойыз

Бұл туралы  «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді. 

"Барлық жолаушылар пойыздарының (соның ішінде жекеменшік тасымалдаушылар және басқа да теміржол әкімшіліктерінің) қозғалысы тоқтатылды. Қазіргі кезде пойыздар орналасқан орындарына қайтып жатыр. Соңғы пойыз бағыты 4 сәуірде тоқтайды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ төтенше жағдай кезінде сапарға шыға алмаған барлық жолаушылар билет сатып алуға жұмсаған ақшасын алдағы алты ай ішінде өздеріне ыңғайлы кез келген күні толық көлемде қайтарып ала алатынын айтады.

Жүрмеген пойыз билетінің ақшасын сату сайттарында онлайн, «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында немесе жекеменшік кассалардан қайтарып алуға болады", - делінген ресми хабарламада.

12 наурыздан бері жолаушыларға 590 мыңға жуық билет қайтарылған. Карантин режимі аяқталған соң билет сату кассалары өз жұмысын қайта бастайды.

«Осыған байланысты, барлық жолаушылардан қоғамдық орындарда теміржол билеттерін қайтаруға байланысты шу шығармай, қауіпсіздік шараларын сақтауын сұраймыз», - деп қосты ұйым өкілдері.


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр