Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан ауыр атлетикадан Исламиада ойындарында рекордтық көрсеткішпен алтын жеңіп алды

Қазақстандық ауыр атлетші Айзада Муптилда осы күндері Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан V Ислам ынтымақтастығы ойындарында медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Исламиада 2022

"Ислам ойындары: Ауыр атлетикадан қос қызымыз 3 алтын, 3 күміс жүлдені жеңіп алды.

+87 келіде сынға түскен отандасымыз Айзада Муптилда серпе көтеруде 116 келі, жұлқа көтеруде 150 келі зіл темірмен Ислам ойындарының рекордын орнатты. Спортшымыз жалпы жарыс қорытындысы бойынша 266 келі зіл темірді бағындырып, жарыс жеңімпазы атанды.

Ал, дәл осы салмақта Любовь Ковальчук серпе көтеруде 114 кг, жұлқа көтеруде 147, жалпы есепте 261 келіні көтеріп, жарыстың күміс жүлдесін жеңіп алды.

Осылайша Қазақстан үшін Ислам ойындарында ауыр атлетикадан жарыстар аяқталды. Ауыр атлеттеріміз ел қоржынына 8 алтын, 15 күміс, 3 қола жүлде салды", - делінген ақпаратта.

Талқылау